БАЛАБАҚША ТУРАЛЫ

1Мектепке дейінгі ұйымның атауыМақтаарал  ауданының «Асыл-Саян»  бөбекжай – балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
2Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекен – жайы және нақты орналасқан жерінің мекен – жайы)Түркістан облысы ,Мақтаарал ауданы, Абат ауылы Амалбек Бейсенбаев көшесі №1 ғимарат
3Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электрондық пошта, web сайт)Ұялы телефон: +7702 505 27 21
Электрон поштасы: med_nur87@bk.ru
Web сайт.  https://asyl-saian.bb-edu.kz/
4Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшысының Т.А.Ә лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесіТилеумбетова Нуржамал Избасаровна 2014  жылғы 02 маусым  № 13  бұйрықпен меңгеруші болып тағайындалған.
5Құқық белгілейтін және құрылтайшылық құжаттары (жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анықтаманың/ куәліктің көшірмесі қоса беріледі)Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықтама заңды тұлғаның қайта мемлекеттік тіркеуден 25.01.2019 өткен.              БСН 120540016840  
6Рұқсат беру құжаттары (білім беру қызметіне лицензия және оған қосымша және (немесе) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон)Мемлекеттік лицензия  KZ17RVK00042279 хабарлама берілген. 05.12.2022ж
7Құрылған жылы2012 жыл
8Типтік ғимаратЕкі қабатты арнайы бала бақшаға арналған
9Топтар саны3 топ
10Балаларды оқыту тіліҚазақ тілі
11Жұмыс аптасының ұзақтығы5 күндік
12Ауысым саныТәрбиешілер:Ӏ ауысым
13Жасына қарай топтар бойынша ұйымдастырылған іс – әрекетінің ұзақтығы — минутпенЖас ерекшеліктері: 4 жас — ересек топ, 25-30 минут 3 жас -ортаңғы топ, 15-20 минут 2 жас –кіші топ 10-15 минут
14МҰД – ның жобалық әлеуетіБалабақша орны 75 балаға арналған. 06.02.2025 жылы  №КZ30RYS00967794 санитарлық эпидемиологиялық қорытынды берілген. Құжаттар көшірмесі қоса жолданды.

Білім беру ұйымы өз қызметін Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады. Балабақша ғимараты 2 қабатты типтік жоба негізінде ыңғайластырылған. Жас ерекшеліктеріне сәйкес 70 орынға арналған 3 топ жұмыс істейді: кіші «Балапандар» тобы – 2 жас, ортаңғы «Қошақандар» тобы – 3 жас, ересек «Құлыншақтар» тобы – 4 жас.

Топтар тәрбиеленушілердің жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастырылған. Балабақша аптасына 5 күн жұмыс істейді, жұмыс уақыты сағат 8:00-ден 18:30-ға дейін. Тәрбие мен оқыту үдерісі мемлекеттік тілде жүргізіледі. Балабақшада топтық ойын бөлмелері, жатын бөлмелер, жуыну және шайыну бөлмелері бар. Сонымен қатар медициналық кабинет, акт залы, тұз шахтасы (галотерапия) кабинеті, асхана, қойма және әдістемелік кабинет қарастырылған. Материалдық-техникалық база қолданыстағы стандарт талаптарына сай жабдықталған. Жылыту, су, электр және кәріз жүйелері орталықтандырылған. Өрт қауіпсіздігі дабыл жүйесі, автоматты хабарлау жүйесі және бейнебақылау камералары орнатылған. Медициналық кабинет тұрақты түрде жұмыс істейді, емшара және оқшаулау бөлмелерімен қамтамасыз етілген. Кабинет санитарлық қағидаларға №12 қосымша талаптарына сәйкес құрал-саймандармен жабдықталған. Балалардың денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

Балабақша аумағы көгалдандырылған, ауладағы ойын алаңдары санитарлық талаптарға сай жабдықталған және әр топқа жеке қоршаулармен бөлінген. Балалардың дене дамуын жетілдіруге арналған ойын құралдарымен жабдықталған.